«Педагогтердің эмоциялық күйіп кетуінің алдын алу»
«Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ педагогтеріне арналған «Педагогтердің эмоциялық күйіп кетуінің алдын алу» тақырыбында психологиялық практикум ұйымдастырылды. Мақсаты: өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту, жеке ресурстарды ұғыну және кәсіби қызметте өзінің эмоциялық жай-күйіне ұқыпты қарауды қалыптастыру арқылы педагогтердің эмоциялық күйіп кетуінің алдын алу үшін жағдай жасау.