Меню KDT

Новости

Главная Новости

18-НАУРЫЗ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ

«Ұлттық киім – ұлттың айнасы»
 
18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай мектебімізде 1–11 сынып оқушылары мен ұстаздар арасында ұлттық киімдерді насихаттау мақсатында сән үлгісі дефилесі ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар қазақтың ұлттық киімдерін заманауи талғаммен үйлестіре отырып, сахнада ерекше сән-салтанатпен таныстырды. Әрбір образдан халқымыздың бай мәдениеті, нәзік талғамы мен ұлттық рухы айқын көрініс тапты.
Бұл шараның басты мақсаты – ұлттық киімді насихаттау, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру және халқымыздың асыл мұрасын ұлықтау.
Дефиле қорытындысы бойынша:
🏆 Бас жүлде – 1 «Б» сыныбы
🥇 І орын – 11 «А» сыныбына лайық деп танылды.
Барша қатысушыларға алғыс білдіре отырып, "Ең сәнді образ","Ең үздік ұлттық киім", "Этностиль шебері", "Көрермен көзайымы" номинацияларымен ұстаздар мен оқушылар марапатталды.
🌿 Ұлттық киім – тек сән емес, ол – тарих, тағылым және ұлттың рухани келбеті.
🌸 Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено