Меню KDT

Новости

Главная Новости

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ жобасы

🇰🇿РЕФЕРЕНДУМ🇰🇿
Ауданымызда Жаңа Конституция жобасын және алдағы Жалпыхалықтық референдумды насихаттау мақсатында құрылған ақпараттық-түсіндіру тобы мектеп ұжымымен мазмұнды кездесу өткізді. Кездесуге аудандық “Серпер” газетінің бас редакторы Шакупова А. және аудандық жастар орталығының басшысы Байтуов Н. арнайы қатысып, Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыт-бағдарлары мен баптарына жан-жақты тоқталды.
Спикерлер өз сөздерінде Конституцияға енгізілетін өзгерістердің маңызына кеңінен тоқталып, оның ел дамуына, қоғам тұрақтылығына және әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Ұжым мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі түсінікті жауаптар беріліп, ашық пікір алмасу алаңы қалыптасты.
Пікір білдірген қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қ. Қыдыршаева Жаңа Конституция жобасының мазмұнына тоқталып, ұсынылып отырған өзгерістердің тарихи маңызын ерекше атап өтті. Ол мұндай кездесулердің ұжым үшін аса пайдалы екенін айтып, өз ойымен бөлісті.
Шара соңында тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Б. Анесов кездесуді қорытындылап, спикерлерге мектеп ұжымымен жүздесіп, маңызды ақпаратпен бөліскені үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, ол ұжым мүшелерінің 15-наурыз күні өтетін Жалпыхалықтық референдумға белсенді түрде қатысатынын жеткізді.
Кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға Жаңа Конституция жобасының мән-маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
 


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено