Меню KDT

Новости

Главная Новости

⚜️ Ғылым және практика: білім берудің заманауи бағыттары

⚜️ Ғылым және практика: білім берудің заманауи бағыттары
Ғылым күні қарсаңында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Әдістемелік орталық» КММ ұйымдастырылған, «Орыс тілі және әдібиеті сабақтарында (нәпаралық интеграция) цифрлық технологиялар, әлеуметтік медиа және жасанды интеллект» облыстық байқауы және «Педагогикалық практика ғылым призмасы арқылы: тәжірибеден нәтижеге» атты дөңгелек үстел өтті.
Байқауға облысымыздың 30 педагогі — орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері, сондай-ақ жаратылыстану, география, химия, физика, информатика, тарих, ағылшын тілі пәндерінің оқытушылары қатысты. Байқау аясында қатысушылар оқытудың өзекті тәсілдерін, цифрлық құралдар мен жасанды интеллектті қолдану практикасын, сондай-ақ авторлық әдістемелік әзірлемелерді ұсынды.
Байқау кәсіби тәжірибе алмасу, педагогикалық шеберлікті дамыту және заманауи білім беру технологияларын ілгерілету үшін тиімді алаңға айналды.
Облыстық дөңгелек үстел спикерлері оқытуға ғылыми-әдістемелік тәсілдің, зерттеу қызметін қосудың, оқушылардың сыни ойлауы мен икемді дағдыларын дамытудың маңыздылығын көрсетті. Білім беру сапасын арттыруда педагогикалық қауымдастықтардың және озық тәжірибені таратудың рөлі атап өтілді.
Іс-шараға облыстың 50-ден астам педагогі қатысты. Спикерлер практикалық тәжірибені ұсынып, заманауи тәсілдерді талқылап және мұғалімдердің ғылыми қызметін дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты, сонымен қатар өңірдің педагогикалық қоғамдастығының кәсіби өсуіне және ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етті.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено