Меню KDT

Новости

Главная Новости

Мектеп бітіруші (11-сынып) оқушыларының ата-аналарымен бітіру кештерін ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша жиналыс

16 сәуір күні мектеп бітіруші (11-сынып) оқушыларының ата-аналарымен бітіру кештерін ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша жиналыс өтті.
Түсіндіру жұмыстары аясында сіздердің назарларыңызға бітіру іс-шараларын өткізу тәртібі туралы ақпарат жеткізілді.
Мектептен тыс жерде бітіру кештерін өткізуге жол берілмейтіні атап өтілді. Сонымен қатар оқушылардан, ата-аналардан және заңды өкілдерден ақша жинауға — ақшалай түрде де, басқа да материалдық құндылықтар түрінде де қатаң тыйым салынатыны ескертілді.
Бұл шаралар оқушылардың құқықтарын қорғауға, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және бітіру іс-шаралары кезеңінде ықтимал құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Жергілікті атқарушы органдар тарапынан ата-аналардан қаржылық шығындарды талап етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.
Қосымша ретінде, ішкі істер органдары бітіру іс-шаралары кезеңінде қоғамдық тәртіп пен оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндігі туралы ақпарат берілді.
Осы ақпаратқа түсіністікпен қарап, белгіленген талаптарды сақтауларыңызды сұраймыз.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено