Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Құқықтық мәдениет және оның маңызы» тақырыбында сынып сағаттары

2026 жылғы 13 сәуір күні
«№2 Новоишим орта мектебі» КММ-нің сынып жетекшілері 1–11 сынып оқушыларына «Құқықтық мәдениет және оның маңызы» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға құқықтық мәдениеттің қоғамдағы рөлі, заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, әр сыныпта
10 минуттық қауіпсіздік сабақтары ұйымдастырылып, күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелері кеңінен талқыланды.
Мұндай тәрбиелік мәні зор шаралар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жауапкершілік пен тәртіптілікке баулуға бағытталған.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено