"N2 Новоишим орта мектебі" КММ-нің 10 "Б" сынып оқушысы Қыдыргелді Нұрмұхамет Астана қаласында өткен «Оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының Республикалық форумы» аясында ұйымдастырылған «Оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшылар мектебі» жобасына қатысып қайтты.
Форум барысында жас көшбасшылар өзара тәжірибе алмасып, көшбасшылық қабілеттерін дамытып, жаңа идеялар мен жобаларды талқылады.
Бұл–білімді, белсенді әрі жауапкершілігі жоғары жас ұрпақты қалыптастыруға бағытталған маңызды алаң.
Қыдыргелді Нұрмұхаметке алдағы уақытта сәттілік тілейміз! Жаңа жетістіктер мен биік белестерді бағындыра бер!