2026 жылғы 10 сәуір күні «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында
«№2 Новоишим орта мектебі» КММ-нің 6-сынып оқушылары арасында «Мектептегі құқықтық мәдениеттің бірыңғай күніне» орай әлеуметтік педагог Туленова Ж.К. әңгімелесу жұмысын өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға құқықтық мәдениет, заңға бағыну, мектеп ішіндегі тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, әрбір оқушының құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беріліп, түрлі жағдаяттар арқылы олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған талқылаулар жүргізілді.
Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Мұндай тәрбиелік шаралар жас ұрпақтың құқықтық санасын қалыптастырып, жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді