«№2 Новоишим орта мектебі» КММ-нің сынып жетекшілері 1–11 сынып оқушыларына арналған «Қазіргі әлемдегі цифрлық сауаттылық» тақырыбында сынып сағаттарын және 10 минуттық қауіпсіздік сабақтарын өткізді.
Сабақ барысында оқушылар цифрлық ортада қауіпсіз әрекет ету, интернетті тиімді пайдалану, жеке деректерді қорғау және онлайн мәдениетті сақтау мәселелерімен танысты.
Сонымен қатар, түрлі жағдаяттар талқыланып, оқушылардың сыни ойлау және жауапкершілік дағдыларын дамытуға көңіл бөлінді.
Аталған іс-шара оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға және заманауи қоғамда дұрыс бағдар табуына бағытталды.