2026 жылдың 21 сәуір күні «Адал азамат» бағдарламасы аясында
10 «Б» және 10 «В» сынып оқушыларына
Creative IT Center ZIYATKER MYRA орталығына экскурсия ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушыларды IT саласындағы заманауи бағыттармен таныстырып, мамандыққа қызығушылықтарын арттыру. Экскурсия барысында орталық жетекшісі Ахметова Айгерим Бремжановна мекеменің қызметі мен жобаларын таныстырды.
Оқушылар заманауи құрал-жабдықтар мен бағдарламаларды көріп, практикалық көрсетілімдерге қатысты.
Іс-шара оқушылардың танымын кеңейтіп, болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт берді.