Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Аудармашы бол»

2026 жылы 22 сәуір күні Ұлттық кітап күнің мерекелеу аясында «№2 Новоишим орта мектебі» КММ кітапханашылары 9-10 сынып оқушыларымен «Аудармашы бол» атты лингвистикалық интерактив өткізді.
Мақсаты:
• Көркем аударма дағдылары мен тілдік түйсікті дамыту;
• Кітаптың мәдениеттер арасындағы алтын көпір ретіндегі мәртебесін нығайту.
Ұлттық кітап күнін мерекелеудің басты оқиғасы «Аудармашы бол» интерактиві болды. Қатысушыларға күрделі шығармашылық сынақ ұсынылды: ақындардың төрт шумақ өлеңдерін шет тіліне (ағылшын тіліне) аудару.
Аударма кезіндегі негізгі қиындық — өлеңнің ырғағы мен түпнұсқа ұйқасын сақтап қалу болды. Жоғары сынып оқушылары сөздіктермен жұмыс істей отырып, тілді меңгерудің жоғары деңгейін көрсетті.
Интерактивке қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті:
«Аударма арқылы біз тек шет тіліндегі сөздерді үйреніп қана қоймай, әлемге туған жеріміздің сұлулығы туралы айтуды үйренеміз».
«Аудармашы бол» интерактиві қазіргі мектеп оқушылары ақын-жазушылардың шығармашылығын терең бағалайтынын және ұлттық құндылықтарды халықаралық деңгейде паш етуге дайын екендіктерін көрсетті.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено