"N2 Новоишим орта мектебі" КММ-нің 5-11 сынып оқушыларына
Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында мектепте дәстүрлі «Сап және ән байқауы» өткізілді.
Оқушылар саптық дайындықтарын, командалық жұмыстағы үйлесімділіктерін, тәртіптерін және саптық әндерді орындаудағы шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Әр сынып байқауға жауапкершілікпен дайындалып, әскери дәстүрлерге құрмет пен патриоттық рух танытты.
Іс-шара салтанатты әрі достық атмосферада өтіп, өскелең ұрпақтың бойында жауапкершілік, ұжымшылдық және Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеуге ықпал етті.