«№2 Новоишим орта мектебі» КММ-нің сынып жетекшілері 1–4 сынып оқушыларына арналған Қазақстан халқының бірлігі күнін дайындау және мерекелеу аясында «Бірлік пен келісім» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.
Сабақ барысында оқушыларға татулық, достық, өзара сыйластық пен келісімнің маңызы түсіндіріліп, еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп жатқаны туралы мағлұмат берілді. Балалар өз ойларымен бөлісіп, бірлікке шақыратын өлеңдер оқып, қызықты тапсырмалар орындады.
Сонымен қатар, әр сыныпта
10 минуттық қауіпсіздік сабағы ұйымдастырылып, оқушыларға күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелері еске салынды.
Мұндай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақты елін сүюге, бірлік пен ынтымақты бағалауға тәрбиелейді.