ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаевпен кездесу
Кездесу барысында оқушылар Парламенттің жұмысымен танысып, маңызды ақпараттар алды. Сонымен қатар, Дәулет Мұқаев мырза Парламент ғимаратына экскурсия жасап, мемлекеттік басқару жүйесінің қыр-сырын түсіндірді.
Іс-шараның негізгі тақырыбы — «Қалам құдіреті». Кездесу барысында білімнің, сөз мәдениетінің және азаматтық жауапкершіліктің қоғамдағы маңызы кеңінен талқыланды.
Аталған тағылымды шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, ел болашағына деген жауапкершілік сезімін нығайтуға ықпал етті.