«Бастамадан шеберлікке» жас мамандар мен тәлімгерлер арасында сайыс.
2026 жылдың 23 сәуірінде «Бастамадан шеберлікке» тақырыбында жас мамандар мен тәлімгерлер арасында сайыс өтті. Сайыс екі кезеңмен жүзеге асырылды: 1 кезең: АІ педагогтің үздік сабақтары; 2 кезең : «Үздік педагогикалық тандем» болды. Іс-шара барысында жас мамандар мен тәлімгерлер өз шеберліктерін, тың идеяларын «Біз біргеміз», «Интеллектуалды блиц», «Жас маманның бір күні» атты бір сәттік жұмыстарда көрсете білді. Жалпы 25 жас маманның 9 жас маманы 1 жыл өтілі болмаған тағылымдамашылар. Барлық кезеңдерден сәтті өткен жас мамандар марапатталып, Бас жүлдені бастауыш сынып мұғалімі Кеңесбаева Баян жеңіп алды. Тәлімгері-педагог-зерттеуші Чонбаева Гүлсанат. Үш жылдық белесті өткеріп, тәжірибе жинақтаған Кыдырманова Ш., Сәрсенбаева А., Шалабаева Н. Педагогтер ант қабылдап, тәлімгерлері ақ жол тілеп, шығарып салды. ВИДЕО КӨРУ