Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Достықтың бір шаңырағы астында»

2026 жылдың 30 сәуір күні
«№2 Новоишим орта мектебі» КММ-нің 3 «В» сынып оқушыларына сынып жетекшісі Святогор М.В. ұйымдастыруымен 1-мамыр мерекесіне арналған «Достықтың бір шаңырағы астында» тақырыбында жарқын әрі әсерлі іс-шара өтті.
Іс-шараға оқушылармен қатар ата-аналар, әжелер мен аталар да белсенді қатысып, ерекше жылулық пен бірлік атмосферасын қалыптастырды.
Мереке достық пен өзара сыйластық рухында өтті.
Негізгі идея–түрлі ұлт өкілдерінің бірлігі, мәдениеттер мен дәстүрлерге құрмет көрсету.
Оқушылар ән шырқап, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды.
Балалар әртүрлі халықтардың салт-дәстүрлері, ұлттық киімдері мен ерекшеліктерімен танысып, таным көкжиектерін кеңейтті. Ұлттық ойындар қызықты әрі белсенді өтіп, оған балалармен бірге ересектер де қуана қатысты.
Іс-шара барысында «Жалау түсі бойынша елдерді таны» атты танымдық викторина ұйымдастырылып, оқушылар өз білімдерін көрсете білді.
Мереке мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайтып, балалардың бойында достық, бірлік және өзге мәдениеттерге құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал етті. Іс-шара соңында дастархан жайылып, барлығы бірге шай ішті.
Бұл мереке барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй, жарқын әсер мен ұмытылмас сәттер сыйлады.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено