22 сәуір күні 15–17 жас аралығындағы «Жас Сарбаз» қозғалысының мүшелері арасында «Батыр» аудандық спартакиадасы өтті. Біздің оқушылар жарысқа белсенді қатысып, өздерінің жоғары дайындық деңгейін, қайсарлығын және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. Белсенді қатысушылар қатарында Раймхен Альма, Кабачек Римма, Нурмагамбетова Камила, Ахмулин Алмаз, Денисов Владимир, Бракк Даниил болды. Жадан Станислав ерекше көзге түсіп, бірнеше сайыс түрінен жүлделі орындарға ие болды: — «Күштік дайындық» бойынша І орын; — «Калашников автоматын толық емес бөлшектеу» бойынша І орын; — «Оқжатарды патрондармен жабдықтау» бойынша ІІ орын; — «Калашников автоматын жинақтау» бойынша ІІ орын. Жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта да табыс тілейміз!