«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі КММ-де «Кітап – рухани қазына» тақырыбында бірыңғай ашық сабақтар өткізілді.
Сабақтардың негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани құндылықтарды насихаттау және білімге деген құштарлығын дамыту.
Іс-шара барысында оқушылар өздерінің сүйікті кітаптарымен бөлісіп, пікір алмасты, көркем әдебиеттің маңызын түсінді.
Кітап – адамзаттың асыл қазынасы, рухани байлықтың қайнар көзі!