Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Тәрбие және тәртіп – ер азаматтың басты қасиеті»

«Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 2026 жылы 2 сәуір күні жоспарға сәйкес тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Е.Мукашев және алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалім Р.Е.Еслямовтың ұйымдастыруымен 8–11-сынып ұлдары арасында «Тәрбие және тәртіп – ер азаматтың басты қасиеті» тақырыбында жиналыс өткізілді. Мақсаты: Жасөспірім ұлдардың бойында жауапкершілік, тәртіптілік, өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу және құқықбұзушылықтың алдын алу. Жиналыс барысында ер азаматқа тән мінез-құлық, қоғамдық орындардағы тәртіп, мектептің ішкі ережелерін сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді. Оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты. Жалпы 69 оқушы қамтылды.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено