Меню KDT

Новости

Главная Новости

Көкшетау жоғары техникалық колледжі өкілдерімен кездесу.

8 сәуір күні «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 9–11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру мақсатында Көкшетау жоғары техникалық колледжі өкілдерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында колледж мамандары білім беру мекемесінің негізгі бағыттары мен артықшылықтарын жан-жақты таныстырды. Атап айтқанда, колледжде техникалық және технологиялық бағыттар бойынша еңбек нарығында сұранысқа ие 57 түрлі біліктілік бойынша мамандар даярланатыны айтылды. Бұл мамандықтар қатарында өндіріс, құрылыс, көлік, энергетика, ақпараттық технологиялар және қызмет көрсету салалары қамтылған.
Колледж өкілдері оқу процесінің ерекшеліктеріне тоқталып, заманауи материалдық-техникалық база, тәжірибелік сабақтардың басымдылығы, дуалды оқыту жүйесі және өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Сонымен қатар студенттерге арналған әлеуметтік қолдау шаралары, шәкіртақы, жатақхана және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жөнінде де түсіндірілді.
Кәсіби бағдар беру жұмысының негізгі мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру, еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптер туралы ақпарат беру және техникалық білім алудың маңыздылығын түсіндіру болды.
Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, колледж мамандарынан нақты жауаптар алды. Мұндай іс-шаралар жас түлектердің саналы түрде мамандық таңдауына және болашақ кәсіби жолын анықтауына үлкен ықпал етеді.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено