Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Арна» Көкшетау жоғары колледжі

9 сәуір күні «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі»
КММ-де 9–11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру жұмысы өткізілді. Аталған іс-шараға «Арна» Көкшетау жоғары колледжі ұстаздары – Каириденова Н.Н. және Адамбек А. қатысып, оқушылармен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында колледж мамандары оқу орны туралы жалпы мәлімет беріп, білім беру бағыттары мен мүмкіндіктерін таныстырды. Атап айтқанда, колледжде 13 мамандық бойынша білім алу мүмкіндігі бар екендігі айтылып, әр мамандықтың ерекшеліктері, оқу мерзімі және болашақтағы жұмысқа орналасу мүмкіндіктері түсіндірілді.
Сонымен қатар, оқушыларға қабылдау талаптары, грант мүмкіндіктері, оқу үдерісінің ерекшеліктері, тәжірибелік сабақтар мен өндірістік тәжірибеден өту шарттары, жатақхана туралы толық ақпарат берілді.
Кәсіби бағдар беру жұмысының мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдауда дұрыс бағыт беру, олардың қызығушылығы мен қабілетіне сай кәсіпті анықтауға көмектесу болды.
Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Мұндай іс-шаралар оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына үлкен ықпал етеді.
 
 


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено