«Стресске төзімділік құпиялары: білім беру ұйымдарында күштерді қалай сақтау керек»
Білім беру ұйымында педагогтердің психологиялық саулығын сақтау мақсатында «Стресске төзімділік құпиялары: білім беру ұйымдарында күштерді қалай сақтау керек» тақырыбында психологиялық лекция өткізілді.
Іс-шара барысында педагогтерге стресс ұғымы, оның түрлері және білім беру саласындағы негізгі стресс факторлары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар эмоционалдық күйіп кету синдромының белгілері түсіндіріліп, оның алдын алу жолдары қарастырылды.