Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Мектеп-сенім аумағы» атты психологиялық әл-ауқат апталығы

«Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ «Мектеп-сенім аумағы» атты психологиялық әл-ауқат апталығын ұйымдастырды.
Мақсаты: қауіпсіз және қолдаушы білім беру ортасын құру, эмоционалды сауаттылықты, қарым-қатынас және өзара көмек дағдыларын дамыту, білім алушылар, педагогтар мен ата-аналар арасындағы сенімді нығайту.
Жұма: 10 сәуір «Тамырлар мен сенім жапырақтары» акциясы. Күннің дәйексөзі: Сенім күні «Қолдау қарапайым нәрседен басталады: есту, түсіну және жанында болу.Мектепте сенім, құрмет және жақсы сөздер болған кезде, ол әркім өзін қауіпсіз сезінетін және өсетін жерге айналады» 6-сынып оқушылары өз армандары мен мақсаттарын қағаз жапырақтарға жазып, арнайы дайындалған «сенім ағашына» орналастырды. Акция жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты.
#Психологиялық_әл-ауқат_апталығы


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено