2026 жылғы 17 сәуір күні «Сөз өнеріндегі өлкетану» тақырыбында жергілікті авторлар мен өлкетану әдебиетін танытуға арналған талқылау алаңы «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-де өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды туған өлкенің әдеби мұрасымен таныстыру, жергілікті қаламгерлердің шығармашылығын насихаттау және өлкетану бағытына қызығушылықтарын арттыру.
Талқылау барысында қатысушылар жергілікті авторлардың еңбектерімен танысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, өлкетану әдебиетінің маңыздылығы туралы пікір алмасу ұйымдастырылды.
Іс-шараға қатысқан оқушылар белсенділік танытып, туған жер тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылықтарын көрсетті.