«Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі»
2026 жылғы 17 сәуір күні «Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі» «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің АКТ залында 9-11 сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізді. Оған аудан мектептері қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты – мектеп оқушыларына медициналық мамандықтардың ерекшеліктері туралы ақпарат беру, олардың болашақ мамандықты дұрыс таңдауына бағыт-бағдар көрсету.
Кездесу барысында колледж мамандары оқу орнының білім беру мүмкіндіктерімен таныстырып, талапкерлерді келесі біліктіліктер бойынша оқытатынын атап өтті: фельдшер, акушер, медбике, медициналық лаборант, фармацевт. Әр мамандықтың қоғамдағы рөлі, қызметтік міндеттері мен болашағы кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар оқушыларға колледжге түсу шарттары, оқу мерзімі, тәжірибелік дайындық және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы мәліметтер берілді. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.