Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Weekend. Book. Vibes»

2026 жылғы 19 сәуір күні «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Weekend. Book. Vibes» атты танымдық-шығармашылық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, бос уақытты тиімді ұйымдастыру және таза ауада рухани демалыс мәдениетін қалыптастыру.
Шара барысында оқушылар мектеп ауласында таза ауада кітап оқып, өзара пікір алмасып, оқыған шығармалары бойынша талқылау жүргізді. Сонымен қатар, «талқы like» форматында еркін пікір білдіру алаңы ұйымдастырылып, қатысушылар өз ойларын ашық жеткізе алды. Кітап клубтарының шағын кездесулері өткізіліп, әдебиетке қызығушылығы бар оқушылар белсенділік танытты.
Іс-шараға қатысушылар жоғары белсенділік көрсетіп, өзара ынтымақтастық пен қызығушылық атмосферасын қалыптастырды. Мұндай шаралар оқушылардың оқу мәдениетін дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге және кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етеді.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено