Ұлттық кітап күні аясында "Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі" КММ-нің 6-сынып оқушылары қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы, Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын оқуға 10 минут уақыт арнады.
Бұл игі бастама жас ұрпақтың рухани дамуына, әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. Оқушылар ақынның терең мағыналы өлеңдерімен танысып, оның елжандылық пен адамгершілікке толы ойларынан тағылым алды.