Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Жақсы істер мен туған жерге қамқорлық арқылы бірге естелікті сақтайық» — акцияның бұл ұраны оның барлық қатысушылары үшін бағыт-бағдар болды.

«Жақсы істер мен туған жерге қамқорлық арқылы бірге естелікті сақтайық» — акцияның бұл ұраны оның барлық қатысушылары үшін бағыт-бағдар болды. «Естелік эстафетасына» қосылған әрбір жан тарихи сабақтастықты сақтауға және өткен ұрпақтың құндылықтарын келешекке жеткізуге өз үлесін қосты.

2026 жылғы 6 сәуірде облыс оқушылары республикалық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ұйымдастырылған «Естелік эстафетасы: жүректен іске» атты экологиялық акцияға қатысып, мемориалдар мен ескерткіш орындарын абаттандыру және тазалау жұмыстарын жүргізді.

Акцияның мақсаты — білім алушылардың тарихи мұраға деген құрметін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілік пен патриотизмге тәрбиелеу, сондай-ақ оларды ескерткіш орындарды сақтау және абаттандыру бойынша нақты іс-әрекетке тарту.

Іс-шараға оқушылармен қатар олардың ұстаздары да белсенді қатысып, өз үлгілері арқылы жас ұрпақты жігерлендіріп, бағыт-бағдар берді. Бірлескен күш-жігердің арқасында мектеп оқушылары мемориал аумақтарын тазалап, қоқыстарды жинап, гүлдер мен ағаштар отырғызып, туған жерге деген қамқорлық пен тарихи жадыны сақтауға өз үлестерін қосты.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено