Меню KDT

Новости

Главная Новости

2026 жылғы 12–13 мамыр күндері Шал ақын және Тимирязев аудандарында республикалық «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы аясында «Білім беру желісі: ынтымақтастықтан нәтижеге» тақырыбында облыстық кустық семинарлар өтті.

Тәжірибе алмасудан — ортақ нәтижеге.

2026 жылғы 12–13 мамыр күндері Шал ақын және Тимирязев аудандарында республикалық «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы аясында «Білім беру желісі: ынтымақтастықтан нәтижеге» тақырыбында облыстық кустық семинарлар өтті.

Іс-шаралардың басты мақсаты – тірек және серіктес мектептер арасындағы желілік өзара іс-қимылды нығайту, педагогтердің кәсіби серіктестігін дамыту және білім сапасын арттыруға бағытталған тиімді тәжірибелерді тарату болды.

Семинар барысында қатысушылар білім беру үдерісіндегі заманауи цифрлық шешімдермен танысып, оқытудың өзекті тәсілдерін талқылап, табысты педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.

Бағдарлама практикалық бағытта ұйымдастырылды:
🔹 ашық сабақтар
🔹 шеберлік сыныптары
🔹 практикалық алаңдар
🔹 тиімді әдістемелер мен оқыту құралдарымен тәжірибе алмасу

Ауыл мектептерін дамыту мен оқушылар білімінің сапасын арттырудағы ынтымақтастық пен кәсіби өзара әрекеттестіктің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

💬 Қатысушылар семинарлардың жоғары практикалық маңызын, кәсіби тәжірибе алмасуға берілген мүмкіндікті және заманауи білім беру шешімдерін бірлесіп іздеудің құндылығын ерекше атап өтті.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено