Меню KDT

Новости

Главная Новости

Кәсіби бағдар беру кездесуі

2026 жылғы 14 мамыр күні Ж. Қизатов атындағы Жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің өкілдері «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-не келіп, 9-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға колледж мамандықтары, оқуға түсу шарттары, білім алу мүмкіндіктері және болашақта жұмысқа орналасу жайлы ақпарат берілді. Колледж өкілдері оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, оқу бағыттарымен таныстырып, студенттік өмір туралы пайдалы мәліметтермен бөлісті.
Осындай кездесулер түлектерге болашақ мамандығын және білім алу жолын дұрыс таңдауға көмектеседі.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено