Қазақстандағы Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында
Бүгін мектебімізде 7 мамыр — Қазақстандағы Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино өнерінің көрнекті өкілі Қуандық Қапсалаңұлы Қыстықбаевпен кездесу өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың өнерге деген қызығушылығын арттыру, ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттау, шығармашылық тұлғалармен тікелей байланыс орнату және тәрбиелік бағыттағы жұмыстарды дамыту.
Кездесу барысында Қуандық Қапсалаңұлы өзінің шығармашылық жолы, актерлік шеберліктің қыр-сыры, сахна мәдениеті, кино және театр саласындағы тәжірибесі туралы мазмұнды әңгіме өрбітіп, өмір жолынан мысалдар келтірді. Сонымен қатар, оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, кәсіби кеңестерімен бөлісті.