15 мамыр күні Солтүстік Қазақстан облысында Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы уақыт аллеясы» акциясы өтті. Қатысушылар ұрпақтар сабақтастығын, отбасылық құндылықтарға құрмет пен туған жерге қамқорлықты бейнелейтін атаулы ағаштар отырғызды.
Акцияның мақсаты — ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, үлкенге құрмет пен табиғатқа жанашырлықты тәрбиелеу.
Іс-шараға білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар қатысып, өңірді көгалдандыруға өз үлестерін қосты. Әр отырғызылған ағаш — туған өлкенің болашағына қосылған үлес, бірлік пен жарқын естеліктің белгісі.