Жол қозғалысы ережелерін сақтау, қауіпсіз көлік жүргізу (скутер, мопед, электроскутер, велосипед)
«Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ 2026 жылдың 4 - мамыр күні тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ахмет Тания және әлеуметтік педагог А.Байбулатова 5-11 сынып оқушыларымен аға учаскелік инспектор полиция майоры Н.А.Жолдасбеков және жол потрулдік полициясы полиция аға лейтенанты Б.А.Қайыржановпен бірігіп кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында жол қозғалысы ережелерін сақтау, қауіпсіз көлік жүргізу (скутер, мопед, электроскутер, велосипед) күнделікті тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу туралы ақпарат берілді.Мақсаты:Оқушыларға жолда жүру ережелерін білуге, өздерін ұстай білу ережелерін меңгерту. Оқушыларға ақыл кеңестер берілді. Жалпы 215 оқушы қамтылды.