«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу»
«Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ 2026 жылдың 4 мамыр күні тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ахмет Тания және әлеуметтік педагог А.Байбулатова 5-11 сынып оқушыларымен аға учаскелік инспектор полиция майоры Н.А.Жолдасбековпен бірігіп кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу», соның ішінде вандализм, ұрлық, психобелсенді заттарды (ПАВ) қолданудың алдын алу, сондай-ақ «Мектептегі қорлау, кибербуллинг, агрессия және қатыгездіктің алдын алу» тақырыптарында профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, оқушыларға қажетті ақпараттар берілді.
Мақсаты: Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың (вандализм, ұрлық, психобелсенді заттарды қолдану) алдын алу, оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыру, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық мәселелерін талқылау, сондай-ақ қорлау, мазақтау, намысқа тию сияқты жағымсыз әрекеттердің алдын алу. Сонымен қатар, сынып ұжымында өзара сыйластық пен қолдау мәдениетін қалыптастыру көзделді.
Кездесу барысында оқушыларға жауапкершілік ұғымы және оның түрлері түсіндіріліп, буллингтің түрлері, оған қатысушылар (буллинг жасаушылар мен жәбірленушілер), сондай-ақ буллингке қатысты қолданыстағы заң талаптары туралы кеңінен ақпарат берілді. Бұдан бөлек, вандализм, ұрлық және психобелсенді заттарды қолданудың зияны мен құқықтық салдары түсіндірілді.Жалпы іс-шараға 215 оқушы қамтылды.