2026 жылдың 8 мамыр күні «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-де тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ахмет Тания және мектеп медбикесі А.К.Жарасбаеваның жетекшілігімен салауатты өмір салты кабинетінің маманы А.Т.Умутбаеваның қатысуымен 7–11 сынып қыздарымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында «Ерте жыныстық қатынастар және олардың салдары» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сондай-ақ оқушылардың жеке тазалығы мен жеке гигиенаны сақтау мәдениеті туралы ашық әңгіме өткізілді. Мақсаты: Ерте жыныстық қатынастардың алдын алу, жасөспірімдердің жыныстық тәрбие жөніндегі білімін арттыру және жеке гигиенаға жауапкершілікпен қарауға үйрету.
Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерімен бөлісті.Барлығы 75 оқушы қамтылды.