“Сапаны сақтау” жобасы аясында, 4-сынып оқушыларымен «Мен есейіп қалдым» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты – оқушылардың өзін-өзі тануын арттыру, жауапкершілік сезімін қалыптастыру және есею кезеңіндегі өзгерістерді түсіндіру болды.
Сабақ барысында түрлі психологиялық жаттығулар, топтық жұмыстар және пікір алмасу ұйымдастырылды. Оқушылар «Мен қандаймын?», «Менің міндеттерім», «Болашақтағы мен» тақырыптарында өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты. Әсіресе, өздерінің жақсы қасиеттерін анықтау және сыныптастарына жылы сөз айту тапсырмалары балаларға жағымды әсер қалдырды.
Тренинг нәтижесінде оқушылар өздерін ересек тұлға ретінде сезінудің алғашқы қадамдарын түсініп, жауапкершілік, тәртіп және өзара сыйластықтың маңызын ұғынды. Жалпы, іс-шара мақсатына жетті, оқушылар тарапынан қызығушылық жоғары болды.