Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Отбасының уақыт аллеясы»

15 мамыр күні «Батыр Баян атындағы мектеп-гимназиясы» КММ Халықаралық отбасы күніне арналған «Отбасының уақыт аллеясы» облыстық экологиялық акциясына қатысты. 🌱
Акцияға:
👩‍🏫 мұғалім – оқушы
👨‍👩‍👧 ата-ана – бала
🏫 отбасы – білім беру ұйымы
форматында қатысушылар белсенді атсалысты.
Қатысушылар отбасылық құндылықтардың, ұрпақтар сабақтастығының және болашаққа деген қамқорлықтың белгісі ретінде ағаш көшеттерін отырғызды.
Осындай іс-шаралар отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтуға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және отбасылық дәстүрлерге құрметпен қарауға тәрбиелейді


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено