2026 жылдың 14-15 мамыр күндері аралығында “Қарлығаш” жазғы лагерінің базасында Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мектептерінің 10-сынып оқушылары арасында дәстүрлі далалық оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға “№2 Новоишим орта мектебі” КММ-нің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің педагог-ұйымдастырушысы Мухамеджанов А.А. және 10-сыныптың ер балалары белсенді қатысты.
Жиын барысында оқушылар саптық дайындық, әскери-тактикалық жаттығулар, азаматтық қорғаныс негіздері, алғашқы медициналық көмек көрсету және әскери тәртіп бойынша тәжірибелік сабақтардан өтті.
Сонымен қатар, жасөспірімдердің патриоттық рухын көтеруге, жауапкершілік пен төзімділік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған түрлі шаралар ұйымдастырылды.
Осындай далалық оқу-жаттығу жиындары жастарды Отанды сүюге, ел қорғаны болуға тәрбиелеп, әскери қызметке деген қызығушылықтарын арттыруға үлкен мүмкіндік береді.