19 мамыр күні Ғ. Мүсірепов аудандық ІІБ мен прокуратура қызметкерлері мектеп оқушыларына арналған танымдық экскурсия ұйымдастырды. Бұл экскурсияға «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ 3 сынып оқушылары сынып жетекші Қ.Ж Нурахметова мен кәсіптік бағдар беруші Т.Б Сердалинамен бірге қатысты. Кездесу барысында оқушыларға полиция бөлімінің атқаратын қызметі, шұғыл телефон номері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар ІІБ ғимараты, бейнебақылау камераларының жұмысы туралы айтылды. Қолданатын арнайы киімдері, құралдары, арнайы көліктері, көмекші иттер көрсетілді. Балалар қызығушылықпен тыңдап, қызықтыратын сұрақтарына жауап алды. Соңында естелікке суретке түсті.