«Өзгерістер кезеңі: баланы қалай қолдау керек?» тақырыбында Ашық есік күні
15 сәуір 2026 жылы 4-сыныптарда бастауыш буыннан орта буынға көшу кезеңіндегі оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау мақсатында «Өзгерістер кезеңі: баланы қалай қолдау керек?» тақырыбында Ашық есік күні өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – ата-аналарға 5-сыныпқа көшу алдындағы оқушылардың жас ерекшеліктері, оқу жүктемесіндегі өзгерістер, бейімделу кезеңінің ерекшеліктері туралы ақпарат беру және балаға қолдау көрсету жолдарын түсіндіру.
Ашық есік күні аясында ата-аналар 4-сынып оқушыларының сабақтарына қатысып, оқу процесімен, қолданылатын оқыту әдістерімен танысты. Сонымен қатар сынып жетекшілері, пән мұғалімдері және мектеп мамандары тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында ата-аналармен баланың эмоционалдық жағдайын бақылау, оқу мотивациясын арттыру, өзіндік жауапкершілігін қалыптастыру, күн тәртібін сақтау және отбасы тарапынан көрсетілетін қолдаудың маңыздылығы мәселелері талқыланды.
Іс-шара соңында ата-аналар өз пікірлерімен бөлісіп, қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Ашық есік күні өз мақсатына жетіп, мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.