«Сапаны сақтау» жобасы аясында 5-сыныптарда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, ата-аналармен серіктестікті нығайту және білім сапасын қолдау мақсатында сыныптан тыс және ата-аналармен бірлескен іс-шаралар өткізілді.
Жоба шеңберінде ұйымдастырылған «Интеллектуалдық марафон» оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, білім деңгейін және топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға бағытталды. Сайыс барысында оқушылар түрлі пәндер бойынша тапсырмалар орындап, тапқырлықтары мен білімдерін көрсетті.
Сонымен қатар, ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен «Спорттық сайыс» ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Қатысушылар әртүрлі эстафеталық ойындар мен спорттық тапсырмаларға белсенді қатысып, ұйымшылдық пен достықтың үлгісін көрсетті.
Өткізілген іс-шаралар барысында ата-аналар мектеп өміріне белсенді араласып, балаларымен бірге ортақ мақсатқа ұмтылудың маңыздылығын сезінді. Мұндай бірлескен жұмыстар оқушылардың оқу мотивациясын арттырып қана қоймай, олардың эмоционалдық жайлылығы мен өзіне деген сенімін нығайтуға оң әсерін тигізді.