Сіз үшін біз не ұсынамыз? «Балақай мектебі» бағдарламасының жұмысы туралы мәлімет: Бағдарламаны іске асыру ұзақтығы жазғы кезеңде 1 айды (20 күн) құрайды. Мерзімі: I ауысым: 01.06 – 26.06.2026 жыл (күндерді қоса алғанда) II ауысым: 03.08 – 28.08.2026 жыл(күндерді қоса алғанда) Топтың құрамы 25 балаға дейін. Жұмыс тәртібі: Аптасына 5 күн Күніне 4 сабақ Сабақ уақыты 20 минут Қоңырау үзілісі 5–10 минут Жұмыстың негізгі бағыттары: Коммуникативтік дағдыларды дамыту Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру