Меню KDT

Новости

Главная Новости

Жұлдыздар шеруі – 2026.

Мектебімізде дарынды және талантты оқушыларды ұлықтауға арналған «Жұлдыздар шеруі – 2026» атты салтанатты жиыны өткізілді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – білім, ғылым, өнер және спорт салаларында үздік нәтиже көрсетіп жүрген оқушылардың жетістіктерін насихаттап, олардың еңбегін бағалау болды. Салтанатты жиында республикалық пәндік олимпиадалардың, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ түрлі деңгейдегі байқаулар мен сайыстарда топ жарған оқушылар марапатталды. Дарынды жастардың жетістіктері көпшілікке үлгі ретінде ұсынылып, олардың табандылығы мен ізденімпаздығына ерекше құрмет көрсетілді.Бүгінгі таңда талабымен дараланып, қабілетімен танылған жастар – ел болашағының сенімді тірегі. Сондықтан талантты оқушыларды дер кезінде танып, олардың бойындағы ерекше қасиеттерді қолдап, дамыту – маңызды міндеттердің бірі. Осындай қолдаудың нәтижесінде жас ұрпақ ғылым мен білімге, өнер мен спортқа құштарлығын арттырып, қоғам игілігі үшін еңбек етуге ұмтылады. «Жұлдыздар шеруі – 2026» салтанатты жиыны оқушылардың жетістіктерін дәріптеп қана қоймай, жас буынға жігер беріп, жаңа белестерді бағындыруға ынталандырған тағылымды шара . Бұл – еңбектің бағаланған, таланттың танылған сәті! Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Жетістіктеріңіз арта берсін, жұлдыздарыңыз әрдайым жарқырай берсін! ВИДЕО КӨРУ


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено