5–11 сынып оқушылары арасында ағылшын тілі бойынша «The Smart Olet» қашықтық олимпиадасы өтті
Еnglish is not just a subject — it’s a ticket to the world!
5–11 сынып оқушылары арасында ағылшын тілі бойынша «The Smart Olet» қашықтық олимпиадасы өтті. Қатысушылар грамматика мен лексика бойынша білімдерін ғана емес, сонымен қатар ойлау, талдау және ағылшын тілін тәжірибеде сенімді қолдану қабілеттерін де көрсетті.
Әрбір жұмыс — жаңа белестерге, халықаралық мүмкіндіктерге және өз күшіне деген сенімге бастар қадам.
Барлық қатысушыларға білімге деген ұмтылыстары үшін, ал педагогтерге қолдауы мен шабыт бергендері үшін алғыс білдіреміз!
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Ағылшын тілі сіздерге табыс пен жаңа ашылулар әлеміне жол ашатын мүмкіндіктерді одан әрі көбейтсін!