Меңгерушінің м.а. А. Молдахметова сөз сөйлеп, балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау мектепке дейінгі ұйым қызметіндегі басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Балабақшада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі түрде ұйымдастырушылық, профилактикалық және бақылау жұмыстары жүргізілетіні туралы баяндады.




