«Тыныштық — менің күшім» психологиялық апталығы аясында «Босаңсуды үйренеміз» тақырыбында сабақтар өткізілді. Сабақтың мақсаты — күйзеліс пен шиеленісті азайтудың қарапайым әрі қолжетімді тәсілдерін меңгерту. Оқушылар тыныс алу мен қимыл арқылы тынышталуға көмектесетін «Жұлдыз» жаттығуымен танысты, тыныс алу жаттығулары мен жерлену тәжірибелерін орындады, сондай-ақ «Тоқта, шиеленіс!» атты денелік ойынға қатысты. Осындай сабақтар балаларға өз эмоцияларын жақсырақ түсінуге, қобалжуды жеңуге және күнделікті өмірде ішкі тыныштықты табуға көмектеседі.