Бүгін, 25 мамыр күні, Совет орта мектебінде 11-сынып оқушылары үшін Соңғы қоңырау салтанаты өтті. Бұл күн түлектер, мұғалімдер мен ата-аналар үшін ерекше әрі толқынысқа толы сәт болды. Салтанатты жиында құттықтау сөздер айтылып, ұстаздарға алғыс білдіріліп, түлектерге ақ жол тілінді. Оқушылар үшін мектеп өмірінің маңызды бір кезеңі аяқталып, алда жаңа мақсаттар мен үлкен армандар күтіп тұр. Мереке жылы әрі әсерлі көңіл күйде өтіп, барша қатысушылардың жүрегінде жарқын естелік болып қалды. https://www.facebook.com/share/r/1HrcRScRDN/