Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Бала көзімен» суреттер сайысы.

«Бала көзімен» суреттер сайысы өтті. Мектебімізде балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қиялын ұштау және өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Бала көзімен» атты суреттер сайысы ұйымдастырылды. Сайыс барысында қатысушылар өз туындылары арқылы қоршаған ортаға деген көзқарастарын, туған жерге сүйіспеншіліктерін, достық пен мейірімділікті бейнеледі. Әрбір жұмыс балалардың ерекше қиялы мен шығармашылық ізденісін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды. Барша қатысушыларға шығармашылық шабыт пен жаңа жетістіктер тілейміз! ВИДЕО КӨРУ


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено