2026 жылдың 1 маусымы мен 26 маусымы аралығында # 16Т. Айбергенов атындағы орта білім беретін мектеп базасында болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған «Балақайлар мектебі» өз жұмысын жүргізуде Дайындық курсына қазақ және орыс сыныптарына балалар қабылдануда «Балақайлар мектебінің» негізгі мақсаты – балаларды мектеп өміріне жан-жақты дайындау, олардың танымдық қабілеттерін дамыту, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, мектеп ережелерімен таныстыру және оқу әрекетіне деген қызығушылықтарын арттыру . Сонымен қатар балалардың мектепке психологиялық, әлеуметтік және зияткерлік тұрғыдан дайын болуына ерекше көңіл бөлінеді.