Мектебімізде «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының І маусымы өз мәресіне жетті. Маусым барысында оқушылар мектеп аумағын абаттандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу және көгалдандыру іс-шараларына белсенді қатысты. Жас еңбеккерлер еңбекқорлық, жауапкершілік және ұйымшылдық танытып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде мектеп аумағы көркейіп, жасыл желектерге күтім жасалды. І маусым қорытындысында қатысушылардың еңбегі жоғары бағаланып, атқарған жұмыстары үшін жалақысы төленді және алғыс айтылды.